«Үлгілі сот» жобасын жүзеге асыру аясында Алматы қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды.
Нұрғазы Әбдіқанов өзі басқаратын Алматы қалалық сотындағы фойенің жаңа бейнесімен келушілерді таныстырды.
Іс-шараға судьялар, қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген, Сот әкімшісінің жетекшісі Данияр Қырықбаев, заңгерлер мен блогерлер қатысты.
Фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескеріле отырып жабдықталған кең залда (200 ш. м.) жайғастырылған. Офис хай-тек үлгісінде, жайлы да ашық кеңістікке басымдық беріле отырып безендірілген. Кіре беріс кеңістікті қайта ұйымдастыру тұрғысындағы мұндай - «кедергісіз» ұстаным көзқарасы ашықтық пен қолжетімділікті, сотқа келушілерге қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Фронт-офисте ақпараттық орталық, кіріс кеңсе және өзіне-өзі қызмет көрсету аумағы орналасқан. Бұл күту аумағы қатар тізген креслоларымен, мобильді қондырғыларды қуаттап алу мүмкіндігімен, кондиционерлеу жүйесімен, Wi-Fi және телефон байланысымен өзіне назар аударта түседі. Залда су құйылған диспенсер бар.
Кіріс кеңсе аумағында сотқа келуші қажетті құжаттарды қолма-қол, сондай-ақ электрондық түрде тапсыра алады.
Жеке қызмет көрсету аумағы да нақ осы арада орналасқан, мұнда қалалық сот төрағасы азаматтарды жеке қабылдау жүргізетін болады.
Фронт-офистің жұмысын кәсіпқой қызметкерлер штаты қамтамасыз етеді.
Биылғы жылы фронт-офистер Алматының бірқатар аудандық соттарында да ашылады.
Ақпарат көзі: Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі