Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

60 км/с: әл-Фараби, Саин және Шығыс айналма жолында үш күн ішінде бірде бір жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ

Алматы қаласының Полиция департаменті Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы және Саин көшесінде жол қозғалысына енгізілген түзетулердің аралық қорытындысын шығарды: бірде бір жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ.

«Соңғы үш жылда жүргізілген талдауға сәйкес аталған магистральдардағы жағдайдың жыл сайын күрделенгенін көрсетеді. Себебі қала автопаркі қарқынды өсіп келеді, салдарынан мегаполистің автомобиль трафигі бірнеше есеге артты, оның ішінде қала сыртынан келетін көліктер бар. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың, көбінесе жүргізушілердің қылмыстық салғырттығы тағы бір себеп, кейбірінің заңға бағыну мен жауапкершілік сезімі көңіл көншітпейді.

2016 жылы әл-Фараби даңғылында 76 жол-көлік апаты болса, 2017 жылы – 97, 2018 жылы – 106 жол-көлік апаты тіркелді. Өткен жылы осы учаскеде 4 адам қаза тауып, 127 адам жарақат алды. Саин көшесіндегі жағдайға келер болсақ, 2016 жылы 137, 2017 жылы – 169, ал 2018 жылы – 183 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Былтыр осы магистральда апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 171 адам жарақат алды. Шығыс айналма жолында 2016 жылы 14, 2017 жылы 26 және 2018 жылы 29 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жыл қорытындысы бойынша осы айналма жолда 1 адам қаза тауып, 33 адам жарақат алды. Сандар алаңдатарлық, апаттылық пен өлім-жітім өсті, бұл дабыл қағуға мәжбүрледі», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтардан бастап апаттылықты төмендету және жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автомобиль жолында орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға дейін түсірілді.

«Өткен жылы Алматыда 4 203 жол-көлік апаты тіркелді, олардың басым бөлігі сағатына 60-тан 80 шақырымға дейінгі жылдамдық режимі бар учаскелерді болды, бұл күніне 12 апат. Былтыр жол-көлік апаттары салдарынан 121 адам қаза тапты. Яғни, әр үш күн сайын Алматы жолдарында 1 адам көз жұмады. Мұндай статистика жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша батыл шаралар қабылдауға мәжбүрлейді. Әлемдік тәжірибе мен сарапшылардың көптеген зерттеулері орташа жылдамдықты төмендету жолдағы өлім-жітімді азайтудың ең тиімді және қарапайым тәсілдерінің бірі екенін растайды. ДДҰ мәліметінше, жылдамдықтың 5%-ға артуының өзі адамдарға жарақат келтіретін жол апатын 10%-ға, адам өліміне соқтыратын жол апатын 20%-ға арттырады. Бұдан бөлек бірқатар сарапшылардың талдауына сәйкес, әл-Фараби даңғылының мысалында жылдамдықтың 80-нен 60 шақырымға азаюы жол ұзақтығын тек 2 минутқа ғана арттырады. Егер осы екі минутта бір адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болса, онда бұл шектеудің енгізілуі бекер емес» - деді қалалық ПД-ның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.