Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылға арналған зейнетақы, жалақы мен айлық есептiк көрсеткiштің жаңа мөлшерлемелерін атады.
2018 жылғы 30 қарашадағы № 197-VI Заңымен «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойылды. Құжатқа сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі көрсеткіштердің келесі мөлшерлемелері белгіленді:
- ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) – 42 500 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 16 037 теңге;
- ең төменгі зейнетақы мөлшері – 36 108 теңге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 525 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 29 698 теңге.