Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы орталығында екі тәулік газ болмайды

2018 жылғы 5-7 желтоқсанда Алматыдағы Абылай хан – Әуезов – Тузов – Марков – Бұқар жырау – Есентай өзені шеңберінде орналасқан ғимараттар газдан ажыратылады, деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметі.

«Уақытша шектеулер Алмалы ауданындағы Мұратбаев көшесінің Әйтеке би-Құрманғазы көшелері аралығында жер асты төмен қысымды газ құбырын қайта жөндеу жұмыстарымен байланысты. Тұтынушыларға көгілдір отын беру қалалық газ жүйесін апатсыз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай кезең-кезеңмен жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Газ беруді тоқтату тұрғын үй ғимараттарындағы температура режиміне әсер етпейді, себебі осы ауданның көп пәтерлі үйлерінде газ тек тамақ дайындау үшін пайдаланылады, ал жеке үйлердің жылыту жүйелері жөндеу жұмыстары аяқталғанша баламалы отынға ауыстырылады.

Жергілікті тұрғындардың мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағаны жөн.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.