Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Жедел шақырту 1432 - Бизнесті қорғау» қызметі іске қосылды

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның аумақтық бөлімшелері (өңірлік кәсіпкерлер палаталары) кәсіпкерлік үшін «Жедел шақырту 1432 - Бизнесті қорғау» жаңа қызметін іске асырып жатқанын хабарлайды.

Бұл қызмет мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан құқыққа қайшы және өзге де іс-әрекеттер мәселелеріне (фактілеріне) қатысты «1432» бірыңғай байланыс орталығына кәсіпкерлерден келіп түскен хабарламаларға өңірлік кәсіпкерлер палатасы мобильді топтарының оқиға орнына бару арқылы жедел әрекет етуін көздейді.

Бүгінде Алматы қаласында бизнеске арналған аталмыш қызмет жұмыс жасап жатыр, оның аясында осы айдың басынан бері мобильдік топтар 5 шақыртуға шығып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне негізсіз араласу бойынша бірнеше фактінің жолы кесілді.

Осыған байланысты өзінің қызметтін және жеке басын куәландыру үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер фактілерінің алдын алу мақсатында мобильдік топтардың құрамына кіретін Палата қызметкерлері туралы ақпаратты ұсынамыз:

1) Куратор - Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары;

2) Лесбаева Салтанат Тастемірқызы - Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімінің жетекшісі;

3) Құлантаев Бақытжан Нұрәліұлы - әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің жетекшісі;

4) Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары:

• Молдашева Саида Наильқызы;

* Мамажанова Гүлнәр Қайратқызы;

* Әшірбеков Нұрбол Нұржанұлы;

* Төрегелдин Дастан Рүстемұлы;

* Нұрханова Кенжеш Амановна;

• Серәлиев Бауыржан Құдіретұлы.

Осы қызмет шеңберінде кәсіпкерге мәселенің мәні бойынша құжаттарды зерделей отырып, заң консультациясы арқылы тек практикалық құқықтық көмек көрсетіледі, мемлекеттік органның заңды қызметіне қандай да бір араласу немесе кедергі келтіру болмайды.

Сұрақтарыңыз болса, сондай ақ, Палата қызметкерлері (мобильді топ) тарапынан «Атамекен» ҰКП Әдеп кодексі бұзылған немесе олардың тарапынан құқыққа қайшы және алалаушылық әрекеттер жасалған жағдайда Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады: +7(727) 331 01 33, ішкі нөмірлер 7505, 7529, 7534. 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.