ТЖД өрт бақылау инспекторлары бейнетіркегіш тағып жүретін болды.
Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өрт бақылау инспекторларының қызметіне әкімдіктің қаржылық қолдауымен жеке бейнетіркегіштер енгізілді. Енді кез-келген тексеріс және кәсіпкерлермен, нысан иелерімен, азаматтармен байланыс барысы видеоға жазылады. Бейне деректер күн сайын жүктеліп, жарты жыл бойы сақталады.
Осылайша, Төтенше жағдайлар департаменті Алматыны цифрландырудың негізгі қағидаттарының бірі – ашықтықты қамтамасыз ету және жемқорлықтың алдын алуға бағытталып отыр.