Аялдамада қоғамдық көлікті ұзақ күту - жағымды жайт бола қоймас. Әсіресе қыста, қақаған аяз кезінде. Автобустар тәуліктің қай уақытына дейін жүруі тиіс? Кешке қоғамдық көлікті ұзақ күтуге тура келсе не істеу керек? Автобус жүргізушілері қозғалыс кестесін неге бұзады? Мұндай бұзушылықтар болса автопарктер үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
#1 Неліктен кешке автобусты ұзақ күтуге тура келеді?
«Кешкі сағат 9-дан кейін жолаушылардың автобусты ұзақ күтуінің бірінші себебі – жүргізушілердің жетіспеуі. Есептеу әдістемесі бойынша, бір автобусқа 2,5 жүргізуші қажет, ал бізде қазір 1,5. Кеңестік кезеңде жүргізушілер ауысыммен жұмыс істеді, бір ауысым - түске дейін, екіншісі түстен кейін», - деп түсіндірді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бағыт желісі бөлімнің жетекшісі Сәния Мүрсәлімбаева.
Алматыда қоғамдық көлік бағыттары сағат 22.30-23.30-ға дейін жұмыс істеуі тиіс, бірақ кейбір автобустар 21.00-ден кейін бағыттан шығады.
«Егер желіде 20 автобус болса, кешкі 9-ға қарай 20 емес, одан аз жүреді. Егер бағыттың ұзындығы 64 шақырым болса, автобустардың азаюымен олардың арасындағы интервал ұлғаяды. Сондықтан адамдар бізде автобус жоқ деп ойлайды. Бірақ City Bus (мобильдік қосымша) арқылы қарайтын болсақ олар жүреді, бірақ аз мөлшерде жүреді. Әрине, автобустары тек 6-дан кейін ғана емес, күндіз де жүруін тоқтатқан ұқыпсыз кәсіпорындар бар. Мысалы, таңертең 20 автобус шығарылса, олар (тасымалдаушылар) таңертең 10 ғана шығара алады, ал кешке қарай ешкім қалмайды. Олар автопаркке кері қайтады. Неге? Жүздеген себеп табады: бір нәрсе сынған немесе автобустар ескі», - дейді Сәния Мүрсәлімбаева.
# 2 Автобус келмесе, қайда шағымдануға болады?
Егер автобус ұзақ келмесе, City Bus қосымшасы арқылы кез келген бағыттағы автобустың орналасқан жерін табуға болады. Қазір қоғамдық көлік қозғалысын «Оңай» қосымшасында да бақылауға мүмкіндік жасалған.
Ал егер автобус сағат 21.00-ден кейін келмей қойса, Алматы тұрғындары 8 (727) 397-01-97 нөміріне қоңырау шала алады. Бұл Алматы көлік холдингінің орталық диспетчерлік басқармасы. Операторлар дәл қазір қай автобустың қай жерде екенін айтып береді.
Сондай-ақ, кестені, интервалды бұзу деректері болса, жүргізушіге немесе тасымалдаушыға қатысты шағымдануға болады. Ол үшін жолаушылар көлігі басқармасына 8 (727) 271-65-47 (қабылдау бөлмесі), 8 (727) 262-20-49 (мамандар) нөмірлері бойынша қоңырау шалуға болады. Әр дерек бойынша бұзушылық болған уақытты, күнін, орнын және кестені немесе интервалды бұзған маршруттың нөмірін көрсету қажет.
Егер автобус жүргізушінің кінәсінен кешіктірілсе, оны тасымалдаушы жазалайды: сыйақыдан айырады.
Егер автобустар тасымалдаушының кінәсінен уақытында келмесе, онда басқарма кешігу себептерін жоюды талап етеді. Тасымалдаушы осыдан кейін де кестені бұзуды жалғастырса, онымен бағытқа қызмет көрсету жөніндегі келісімшарт бұзылады және бағыт жаңа конкурсқа шығарылады.
#3 Тасымалдаушыларды кестені бұзғаны үшін қалай жазалайды?
Бюджеттен субсидия алатын автобус маршруттары түнге дейін жұмыс істеуі тиіс.
«Есептеу әдістемесі бойынша, егер маршруттар жүз пайыз шықпаса, 85, 90 пайыз болғанның өзінде олардан субсидиялар, қандай да бір пайыздар қысқартылады. Жүйелілік күні бойы жүз пайыз болуы тиіс. Егер таңғы 7-де жүз пайыз (қолда бар барлық автобус) шықса, кешкі сағат 8-де бақылау кезінде тұрақтылық жүз пайыз болуы қажет. Қазір барлығы субсидиялауды ретке келтіруге тырысуда», - деді басқарма өкілі.
Егер бағытта жүйелілік 80 пайызды құраса, келесі субсидияны алған кезде тасымалдаушыға 20 пайызы төленбейді. Сондай-ақ, тасымалдаушыға қатысты бестен астам шағым түссе, субсидиядан пайыздарды алып тастауы мүмкін.
Жолаушылар көлігі басқармасының ақпаратына сәйкес, Алматыдағы 115 бағыттың 60-қа жуығы субсидияланады. Олардың ішінде № 19, 22, 44, 56, 57, 67, 69, 70, 98, 103, 115, 125, 137-ші бағыт және басқалар.
Субсидия алудың басты шарттарының бірі - жаңа автобустардың болуы.
#4 Автобустар арасында қандай интервал болуы керек?
«Әр автобуста әртүрлі. Орташа интервал 6-7 минут, кейбіреуінде 10 минут. Бұл жолаушылар ағымына байланысты. Юбилейныйға дейін бір бағыт бар, интервалы 30 минут. Сағат бірден екіге дейін - түскі үзіліс. БРТ желісі бойынша жүретін автобустар үшін 3-4 минуттық интервал қою жоспарлануда. Бірақ БРТ желісі әлі аяқталған жоқ», - деп түсіндірді Сәния Мүрсәлімбаева.
#5 Қандай автобустар 21.00-ден кейін жүруге міндетті?
Бұл Достық бойымен 12-ші бағыт, 29-шы бағыт. 38-ші бағыт Шығыс айналма жолы бойымен. Сондай-ақ, №120, 65, 99 және 95 Көктөбеге дейін жүреді. Төле би көшесімен 201-ші бағыт, БРТ желісімен 205-ші, 37-ші бағыт. № 57, 128 бағыттардағы автобустар, 14 және 15 бағыттағы Газельдер жақсы жүреді. Сағат 23.00-ден таңғы 5-ке дейін жүретін № 3 бағыттағы түнгі автобус бар. Сағат 05.30-да Алматы әуежайына дейін адамдарды тасымалдайтын 92-ші бағыт жолға шығады.
#6 Алматыда 21.00 кейін жұмыс істеуі тиіс маршруттардың кестесі мен интервалы
№ 5 бағыт (Алматы-2 теміржол вокзалы-Ақсай - 3 ықшамауданы)
Жұмыс кестесі: сағат 06.00-ден - 23.00-ге дейін
Қозғалыс интервалы: 4-5 минут
№ 7 бағыт (Алматы-1 теміржол вокзалы – «Атакент»)
Жұмыс кестесі: 06.20-22.30
Интервал: 6 минут
№ 8 бағыт («Райымбек батыр» метро бекеті - Жас қанат ықшамауданы)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.00
Интервал: 13 минут
№ 12 бағыт («Қазақстан» қонақ үйі – «Медеу» спорт кешені)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.00
Интервал: 10 минут
№ 14 бағыт («Барыс» базары-Қарағайлы)
Жұмыс кестесі: 06.00-22.30
Интервал: 16 минут
№ 15 бағыт (совхоз Алатау – «Алтын Орда» базары)
Жұмыс кестесі: 05.40-22.30
Интервал: 7 минут
№ 26 бағыт (№7 Қалқаман ауруханасы - Тау Жол)
Жұмыс кестесі: 06.00-22.30
Интервал: 27 минут
№ 29 бағыт (Бутаковка-РМ-90)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.40
Интервал: 9 минут
№ 38 бағыт (Әл-Фараби-Шығыс айналма жолы-Рысқұлов-Саин, айналма)
Жұмыс кестесі: 06.00- 23.00
Интервал: 5 минут
№ 44 бағыт (Орталық стадион-Шұғыла ықшамауданы)
Жұмыс кестесі: 06.00-22.30
Интервал: 14 минут
№ 45 бағыт (Шаңырақ ықшамауданы-Самал ықшамауданы)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.40 д
Интервал: 6 минут
№ 46 бағыт (Первомай кенті-Алматы-1 теміржол вокзалы)
Жұмыс кестесі: 06.00-22.30
Интервал: 14 минут
№ 57 бағыт (Саялы-Республика Сарайы)
Жұмыс кестесі: 06.00-22.00
Интервал: 15 минут
№ 65 бағыт (Думан-Ақсай-3)
Жұмыс кестесі: 05.50-23.30
Интервал: 6 минут
№ 69 бағыт (Ұлжан – «Жетісу» базары)
Жұмыс кестесі: 05.50-23.05
Интервал: 16 минут
№ 70 бағыт (Көк жиек-Таулы Қырат)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.30
Интервал: 7-8 минут
№ 72 бағыт (Алматы теміржол вокзалы-1 - 6-ықшамаудан)
Жұмыс кестесі: 06.30-23.30
Интервал: 6 минут
№ 74 бағыт (кондитерлік фабрика-теміржол көпірі)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.00
Интервал: 8 минут
№ 92 бағыт (Мамыр ықшамауданы-әуежай)
Жұмыс кестесі: 05.40-23.30
Интервал: 7 минут
№ 95 бағыт («Алтын Орда» базары-Көк Төбе)
Жұмыс кестесі: 06.30-23.30
Интервал: 5 минут
№ 98 бағыт («Райымбек батыр» метро станциясы-«Бай-тал» ТК)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.30
Интервал: 12 минут
№ 115 бағыт (Теректі ауылының № 184 мектебі – ҮАА/Өжет)
Жұмыс кестесі: 05.50-22.00
Интервал: 9 минут
№ 119 бағыт (кооптехникум – «Саяхат» автовокзалы)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.30
Интервал: 6 минут
№ 128 бағыт («Алтын Орда» базары - Самал ықшамауданы)
Жұмыс кестесі: 06.10-23.25
Интервал: 7-8 минут
№ 137 бағыт (Наурызбай ауданының әкімдігі – «Жетісу» базары)
Жұмыс кестесі: 06.00-ден 23.00-ге дейін
Интервал: 12 минут
№ 201 бағыт (Төле би / Яссауи-Төле би / Шығыс айналма жолы)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.00
Интервал: 6 минут
№ 205 бағыт (Орбита 2,4 ықшамауданы– «Жетісу» базары)
Жұмыс кестесі: 06.00-23.50
Интервал: 5 минут
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz