Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда көмір бағасы арзандады

Алматы әкімдігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен, сондай ақ Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығымен бірлесіп, халықтың қажеттігі үшін көмір бағасын төмендету мәселесін қарастырды.

2018 жылдың 23 қарашасында Алматы қаласының әкімдігі мен 4 жеткізуші арасында көмір бағасын 1900 теңгеге арзандату бойынша меморандумға қол қойылды.

Қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша келесі бағалар бекітілді:

«Әлем-х» ЖШС - Сүйінбай даңғылы,567а, Медеу стансасы: «Қаражыра» байытылған көмірі 1 тоннасының құны - 14 500 теңгеден 13 700 теңгеге;

ЖК «Дьячков А» - Бекмаханов көшесі,88«Г»: «Шұбаркөл» көмірінің 1 тоннасы 14 500 теңгеден 12 700 теңгеге;

«Әлем көмір» ЖШС - Бекмаханов,88Б Алматы-1 стансасы: «Қаражыра» көмірінің 1 тоннасы 14 500-ден 13 700 теңгеге;

ЖК «Санат» - Іле тас жолы,№20, 207-темір жол торабы: «Шұбаркөл» көмірінің 1 тоннасы 14500-ден 12600 теңгеге, Красногвардейский тас жолы,499 В, 661-ші торап 14 500 теңгеден 12 700 теңгеге дейін төмендетілді.

Ақпарат көзі: «Қазақпарат» ХАА

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.