Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы полицейлері әйелдерге зорлық-зомбылық жасалған жағдайда қайда жүгінуге болатынын еске салды

Алматы ПД Жергілікті полиция қызметі 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізеді, деп хабарлады Алматы қ. Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік кеңес беру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы халықты ақпараттандыру.

«БҰҰ мәліметтері бойынша, жер шарындағы әрбір үшінші әйел өмірінде бір рет зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Әйелдер өлімінің жартысына жуығы олардың күйеуі, бірге тұратын ері немесе отбасы мүшелерімен жасалады. Бұл мәселеге назар аудару үшін БҰҰ-да жыл сайын 25 қарашада Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою халықаралық күні атап өтіледі. Осы күні «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік іс-қимыл» халықаралық науқаны басталады, оны ұйымдастыруға дағдарыс орталықтары мен ҮЕҰ атсалысады. Біздің бөлімше бұл бағыттағы жұмысты жыл бойы тоқтаусыз жүргізеді», - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің (ӘЗҚБ) аға инспекторы полиция майоры Ақбота Әбілқасымова.

Іс-шара аясында студент жастар арасында, сондай-ақ әртүрлі меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Инспекторлар әйелдер ұжымдары арасында түрлі байқаулар, флэшмобтар, спорттық жарыстар ұйымдастырады.

Биыл 10 айда Алматы қаласы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 500-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, 2 мың 574 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, профилактикалық есепке қойылды.

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге (ӘЗҚБ) инспекторлары келесі телефондар бойынша консультациялық-құқықтық көмек көрсетеді:

Алматы қаласының Полиция департаменті-254-45-99;

Алмалы ауданының ІІБ-254-46-24;

Алатау ауданының ІІБ-227-55-54;

Әуезов ауданы ІІБ - 298-53-33;

Бостандық ауданының ІІБ-254-47-32;

Жетісу ауданының ІІБ-25-49-43;

Медеу ауданының ІІБ-254-48-66;

Түрксіб ауданының ІІБ-298-54-25;

Наурызбай ауданының ІІБ-254-49-48;

Дағдарыс орталықтарының телефондары:

«Родник» ҚҚ-396-19-38;

«Тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ – «150» немесе 87772255326

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда не істеу керектігі туралы және Алматы қаласындағы дағдарыс орталықтарының тізімін Оpen Almaty порталынан білуге болады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.