Қазгидрометтің ескертуіне сәйкес, Алматыда қарашаның 24-інен 25-іне қараған күні кешке және түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, көктайғақ болуы ықтимал.
«Жолдардың қозғалыс бөлігі көктайғаққа айналып, бұл апатты жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан жүргізушілерге жеке көлікті пайдалануды шектеуді ұсынамыз. Жаяу жүргіншілерден тротуармен жүргенде сақ болып, көпқабатты ғимараттарға жақындамауды сұраймыз», - делінген Алматы қ. әкімдігінің хабарламасында.
Сонымен қатар, әкімдік жүргізушілерді қар тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, көліктерін жол жиегінде қалдырмауға шақырды.
Қалада 25 қарашада күндіз және түнде жолдың қозғалыс бөлігіндегі қар тазартылып, шығарылады.