Cу құбырында жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты (D=600 мм ысырманы ауыстыру) 2 қарашада сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Тимирязев – Назарбаев – Шевченко – Желтоқсан көшелері шеңберінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге нысандарда ауыз су болмайды.
Аталған учаскілерде орналасқан денсаулық және білім мекемелері су тасығыш көліктермен қамтамасыз етіледі.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 274-66-66
«Алматы су» МКК тұтынушылардан уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.